Математика пәні бойынша тест сұрақтары
1.5 он мыңдық 4 мыңдық және 2 жүздіктен тұратын санды тап.
а.54200 в.24500 с.500420 д.50420
2.507 мыңдық бірлік сыныбынан және 3 бірлік сыныбынан тұратынсанды көрсет.
а.507003 в.3507 с.507030 д.570300
3.831266 санында қанша он мыңдық бар
а.83126 в.3 с.83 д.831
4.720010 санын дәрежелік қосындыларына жікте және дұрыс жауабын таңда.
а.720010=700000+20000+10 в.720010=720000+10
с.720010=7+2+1 д.720010=700+2+10
5.Ең үлкен бес орынды санды белгіле.
а.100000 в.99990 с.99999 д.90000
6.Екінші класқа жататын дәрежені белгіле.
а.3 дәреже бірліктері в.жүздіктер с.он мыңдықтар д.ондықтар
7.3 жүз мыңдық және 4 ондықтан тұратын сан-
а.300040 в.340 с.30400 д.3004
8.Мәні 45000-ға тең болатын өрнекті тап.
А.25000:5 в.9000*5 с.12000*4 д.420000:3
9.Мәні ең үлкен өрнекті белгіле.
а.9 тәулік 16 сағат+8 тәулік 12 сағат
в.18 сағат 28 минут-5 сағат 32 минут
с.24 тәулік 5 сағат-12 тәулік 15 сағат
д.16 минут 38 секунд+4 минут 24 секунд
10.989705 санын 7 он мыңдыққа азайт.
а.289705 в.982705 с.989005 д.919705
11.Мәні 2417-ге тең болатын өрнекті тап.
а.27456:3-3076204 в.300542-1832*6
с.12600:5-1578+1475 д.9999+918*8
12.Африка пілі 7 т 500 кг тартады,ал үнді пілі одан 3 т 600 кг аз тартады.Үнді пілінің салмағы қанша?
а.3 т 900 кг в.11 т 100 кг с.4 т 100 кг д.10 т
13.Үшбұрыштың периметрі 70 см,бір қабырғасы 20 см, келесісі 35 см.Үшбұрыштың үшінші қабырғасын тап.
а.25 см в.15 см с.125 см д.55 см
14.800 кг мақта дайындалды.Кілем тоқуға мақтаның ¼ бөлігі жұмсалды, қалғаны мақта жасауға қалдырылды.Мақта жасауға қанша мақта жұмсалды?
а.800:4=200 в.800+800:4=100
с.800*4-800=2400 д.800-800:4=600
15.х-тің мәні шығарылатын теңдеуді тап.
а.8:х=1600 в.х*5=6075 с.40300*х=10 д.х+30708=392
16.Өрнектің ең кіші мәнің тап.
а.3872:32 в.234*16 с.164*52 д.11745:27
17.Ауылдан қалаға қарай пошташы мотоциклмен 60км/сағ жылдам- дықпен 2 сағат жүрді.Ауыл мен қаланың ара қашықтығын есепте.
а.120 км в.30 км с. 180 км д. 62 км
18.Берілген теңдеудің мәнін тап.
а.780 в.420 с.2430 д.384
19.Аталған өрнектің мәнін тап. 65км765м+29км570м
а.36км195м в.94км 235м с.95км 335м д.85км 335м
20.Шебер 4 күнде 48 өнім өндірді. 96 өнімді ол неше күнде өндірер еді?
а.12 күнде в.8 күнде с.7 күнде д.48 күнде