Меню

Олимпиада тапсырмалары

Бесплатные математиалы для Олимпиада тапсырмалары. С помощью него можно легко провести любую самостоятельную, контрольную или проверочную работу, а также задать домашнюю работу. Практическое пособие содержит также правильные ответы на каждый вопрос.

Математикадан олимпиада тапсырмалары

            Жоғарғы ұпай саны- 30 балл.

Жұмысты орындау уақыты- 45 минут

Оқушының тегі,аты _______________________________________

сыныбы________________________________________________  

күні  _____________________           2015 ж.

1. Әкесі 35 жаста, ал баласы 7 жаста. Баласының жасы әкесінің жасынан неше есе кіші? (1 балл) _________________________________________________________

2. Атаның жасы ең кіші үш таңбалы санмен көрсетілді. Сол үш таңбалы сан, өсу және кему ретін сақтамай, әртүрлі цифрмен көрсетілді. Атаның неше жаста?      (1 балл)      __________________________________________________________

3. Бірдей 5 шыны ыдысқа 15 л сүт құйды. Осындай 7 шыны ыдысқа неше литр сүт құюға болады?

—————————————————————————————————————(1 балл)

4. Қалада түскі уақытта күн ашық тұрды. Егер ауа-райы үш күн бойы жауын- шашынсыз болатын болса, енді 36 сағат өткен соң, күннің көзі жарқырап, күн ашық тұрады болады деуге бола ма? (2 балл) _____________________________________________________________

5.  Ажар анасынан: Жасыңыз нешеде?- деп сұрады. Анасы: егер менің жасымды 15-ке арттырса,

шыққан санды екі есе кемітсе,маған 25 болар еді. Анасының жасы нешеде?           (3 балл)

____________________________________________________________________________________________________________________________ ? ? ? ?

6. Қандай сан шығады, құпия кодты шешіп көр: — — — —

а) бірінші санды тап,егер екінші саннан 2 сан артық.

б) үшінші санды тап,егер біріншіден 3 сан артық.    (4 балл)

в) сандардың қосындысы , 17-ге тең.

г) екінші сан 3.

______________________________________________________________________________________________________________________________            

7. Қорапшада ақ,қара және қызыл түсті текшелер бар. Барлығы 50 текше. Қара текшеге қарағанда, ақ түсті 11 есе артық.Қызыл текше ақ текшеден аз,бірақ қара текшеден көп. Қызыл текшенің саны қанша?        (4 балл)

______________________________________________________________         _______________________________________________________

8. Торай мен иттің салмағы 64 кг, қой мен торайдың салмағы да 64 кг-ға тең, ит пен қойдың салмағы – 60 кг. Торайдың салмағы қандай? (4 балл)            

______________________________________________________________________________________

9. Қорада жайылып жүрген қаздар мен ешкілердің бастарының саны 8 — ге, ал аяқтарының саны 26 — ға тең. Қорада неше қаз және қанша ешкі жайылып жүр.

(5 балл)

__________________________________________________________________________________

10. Айгүл, Сәуле және Раушан мерекеге 12 бәліш сатып алуға келісті. Сәуле бірдей бағамен 5 бәліш сатып алды, Раушан сол бағамен 7 бәліш сатып алды, ал Айгүл өзінің үлесі үшін 24 теңге берді. Егер бұл қыздар бірдей бәліш жеген болса, онда бұл ақшаны Сәуле мен Раушан қалай бөлісіп алулары қажет? (5 балл)

Жауаптары:

  1.  5 есе.

  2. 102 жаста

  3.  21 литр          

  1. түн болады,сондықтан

  2. анасы 35 жаста

  3. Код – 5381

  4. ақ – 33, қара – 3, қызыл – 14.

  5. ит пен қойдың салмағы бірдей,сондықтан 60: 2 = 30 , әрбіреуін тауып алдық. 64-30 = 34

торай 34.

9. 3 қаз, 5 ешкі., қаздың аяғы 3*2 = 6 аяқ,   ешкі 5*4 = 20 аяқ. Барлығы: 26 аяқ.

 

3-сынып

1. 4 ондық 3 жүздік 1 бірліктен тұратын.
А) 431 С) 341 В) 413 Д) 314
2. 1т – 328кг
А) 327 С) 782 В) 672кг Д) 772
3. Өрнек түрінде жаз және оның мәнін тап: 2ондық 3жүздік 1бірлікті 2есе арттыр.
А) 6+2 С) 321 В) 323 Д) 462
4. Үшбұрыштың периметрі 56 см, бірінші қабырғасы 16 см, екіншісі 25 см, үшінші қабырғасы нешеге тең?
А) 15см С) 16см В) 65см Д) 41см
5. Теңдеудің шешімін тап. X — 3 * 5=24
А) X = 9 С) X =13 В) X=15 Д) X=39
6. Бірдей 5 банкаға 15л сүт құйды. Осындай 7 банкаға неше литр сүт құюға болады?
А) 3л С) 10л В) 21л Д) 27л
7. 300 – 9 * 2: 3+(26+2: 2) =
А) 267 С) 320 В) 321 Д) 308
8. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 27 см, ал ені одан 8 см қысқа. Осы тіктөртбұрыштың периметрін тап.
А) 70см С) 19см В) 35см Д) 92см
9. Ауданы 81см2 болатын шаршының қабырғасының ұзындығын тап.
А) 7см С) 8см В) 21см Д) 9см
10. Есептің дұрыс шешуін тап.
Бір себетте 27 кг алмұрт, ал екіншісінде одан 13кг артық алмұрт бар. Екі себетте неше кг алмұрт бар?
А) (27 — 13) – 13= С)(27+13)- 27= В)(27+13)+27= Д)(27+13)- 13=
11. Қай қосындыны көбейтумен алмастыруға болады?
А) 12 — 12+11 С) 7+27+37 В) 3+33+333 Д) 16+16+16
12. Жұп сандар қатарын белгіле.
А) 2, 4, 7, 8, 6, 10, 20 С) 4, 8, 10, 12, 16, 24 В) 1, 2, 3, 6, 10, 15, 30 Д) 2, 4, 6, 8, 9, 10, 11
13. Әкесі 35 жаста, ал баласы 7 жаста. Баласының жасы әкесінің жасынан неше есе кіші?
А) 5есе С) 28 есе В) 7есе Д) 42есе
14. Өрнек түрінде жаз. X пен 7 — нің көбейтіндісінде 630 — дың 7 — ге бөліндісін қос
А) X*7 — 630*7 С) X*7+630: 7 В) Х*7+630 — 7 Д) Х*7: 630+7
15. Сарбаздар сап түзеп тұр. Дәурен саптың алдынан санағанда да, соңынан санағанда да 9 — ыншы болып тұр. Сапта неше сарбаз тұр?
А) 18 С) 9 В) 17 Д) 19
16. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр?
А) 4 бала С) 2 бала В) 6 бала Д) 8 бала
17. 18. Ұзындығы 28 мм кесіндіні тең жеті бөлікке бөл. Әр бөліктің ұзындығын тап.
А) 21мм С) 4мм В) 35мм Д) 28мм
19. Қасымның 79 теңгесі бар еді. Оның 25 теңгесіне қалам сатып алды. Қалғанына әрқайсысы 9 теңгеден қарындаш сатып алды. Қасым неше қарындаш сатып алды?
А) 54қ. С) 6қ. В) 63қ. Д) 34қ.
20. Фигураның боялған бөлігінің ауданын тап.
6 см А) 24см2 С) 10см2 В) 12см2Д) 20см

Математикадан олимпиада тапсырмалары 2-сынып

            Жоғарғы ұпай саны- 25 балл.

              Жұмысты орындау уақыты- 45 минут

Оқушының тегі,аты  _______________________________________

Сыныбы ________________________________________________  

күні  _____________________           2015 ж.


1. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды? /1 балл/

——————————————————————————————————

2. 4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі? /1 балл/

——————————————————————————————————
3. Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады? /2 балл/

——————————————————————————————————

4. Үш қыз бір сыныпта оқиды.Айгүл,Гүлназ,Айнаш.Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені? /2 балл/

——————————————————————————————————

5. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек?

/3 балл/

——————————————————————————————————

6. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады? /3 балл/

——————————————————————————————————

——————————————————————————————————

7. Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар? /3 балл/

———————————————————————————————————

———————————————————————————————————-

8. Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? /3 балл/

———————————————————————————————————-

———————————————————————————————————

9. Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды.Ол неше сағат ұйықтады? /3 балл/

10. Немере атасынан : «Жасың нешеде ? «деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем,онда маған 100 жас болар еді.Атасының жасы нешеде? /4 балл/
———————————————————————————————————————————————————————————————————————

Бастауыш сынып бойынша олимпиада тапсырмалары

мақсаты:

  • Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлауын дамыту.

  • Есептеу дағдыларын жетілдіру;

  • Математикалық тілде сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу.

Қазақ тілінен олимпиада тапсырмалары 3-сынып

            Жоғарғы ұпай саны- 25 балл.

              Жұмысты орындау уақыты- 45 минут

Оқушының тегі,аты  _______________________________________

Сыныбы ________________________________________________  

күні  _____________________           2015 ж.


1.
Әдемі, сұлу, көркем сөздері қандай сөздерге жатады? /1 балл/

——————————————————————————————————

2. Тасбақа, балалардың, жұмыскер сөздері берілген. Жұрнақ жалғанған сөзді тап. /1 балл/ —————————————————————————————————
3. Мынау қандай сөздер,тауып жаз. 7іген, 6бақан, к3ік, 100ік, б2ре. /2 балл/

——————————————————————————————————

——————————————————————————————————

4. К-ден бастап оқысаң,құс атауы қарашы,Е-ден бастап оқысаң,жалқау бала бағасы. /2 балл/

——————————————————————————————————

5. «ЖҮЗ» сөзі қандай сөз таптарына жатады? Ойлан! Тап!

/4 балл/

——————————————————————————————————

6. Сөздер құра! на ма ка /5 балл/

ой ма ба

ла ра мек

теп ал

———————————————————————————————————

———————————————————————————————————

7. «Аяқ жетер жер» сөзінің қай мағынада айтылып тұрғанын анықта. /4 балл/

———————————————————————————————————

———————————————————————————————————-

8. «Көзінің ағы мен қарасы, көз салу, көз алмау, көздің қарашығындай сақтау, көз ілмеу». Төмендегі сөз тіркестерінің қажеттісін қолдан.

Мирас дүкенге анасымен келді.Ол конструкторға —————— ,ал інісі Әсет ——————— сайқымазаққа қарай берді.Мирас кітапты жақсы көреді,сондықтан ————————-сақтайды.Мирастың әжесі түні бойы ұйықтамапты,—————————————. /4 балл/

9. Қайсысы мақал. «Ер жігіт елі үшін туып,елі үшін өлер. Елім менің жерге бай. Жайын суда өсті.» /1 балл/

10. Алма сөзіне жақын сөзді тауып алу қажет. «Ұзын,қызыл,кең» /1 балл/


———————————————————————————————————-

Қазақ тілінен олимпиада тапсырмалары 2-сынып

            Жоғарғы ұпай саны- 25 балл.

              Жұмысты орындау уақыты- 45 минут

Оқушының тегі,аты  _______________________________________

Сыныбы ________________________________________________  

күні  _____________________           2015 ж.


1. Жақын сөзіне қайсысы жақын?
Алыс,қараңғы,жарық. /1 балл/

——————————————————————————————————

2. Жалқаудың жаны —————, Еңбектің наны————— /1 балл/

3. Мынау қандай сөздер,тауып жаз. 7іген, 6бақан, к3ік, 100ік, б2ре. /3 балл/

——————————————————————————————————

——————————————————————————————————

4. Үш буынды сөз қайсысы? «Өсімдік, өскін,өсімдікке» /2 балл/

——————————————————————————————————

5. «БАС» сөзі қандай мағынада айтылады.Ойлан! /4 балл/

——————————————————————————————————

6. Сөздер құра! на ма ка /3 балл/

ой ба ла

———————————————————————————————————

———————————————————————————————————

7. «Қасиет,береке,мереке» сөздеріне мына сөздердің «НАН, ТАҒАМ, АС» қайсысы жақын,тауып жаз. /5 балл/

———————————————————————————————————

———————————————————————————————————-

8. « —— ——- . » мына сызбаға сәйкес сөйлемнің астын сызып көрсет.

«Жаңбыр қатты жауды.», «Жаңбыр жауды.», «Жаңбыр жауып,күн күркіреді.»

/4 балл/

9. Қайсысы мақал. «Ер жігіт елі үшін туып,елі үшін өлер. Елім менің жерге бай. Жайын суда өсті.» /1 балл/
/p>

10. Алма сөзіне жақын сөзді тауып алу қажет. «Ұзын,қызыл,кең» /1 балл/


———————————————————————————————————-


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *